Талдықорғанда қауіпті видео авторлары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында Талдықорған қаласының 19 жастағы тұрғыны көлікпен келе жатып, ойын-сауық орындарының бірін жарнамалау кезінде көлік терезесінен шығып, сусын ішіп, қоқысты жол бойына лақтырған видео анықталған.
Тексеріс нәтижесінде оқиғаға қатысы бар адамдар кімдер екені белгілі болды.
"Қыз ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, көлік жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны және жол таңбасының талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді ІІМ өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!