Талдықорған тұрғындары жарылыс болғанын хабарлады. Жетісу облысы ТЖД өкілі ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысы ТЖД өкілі 22 қазанда сағат 05:50-де ЖШС аумағындағы Желтоқсан көшесінде газ жарылысы болғаны туралы хабарлама келіп түскенін айтты. Жарылыс жеке күзет дүңгіршегінде болған, 50 шаршы метр аумақта қабырғалар мен төбелер құлап, заттар өртеніп кеткен.
Оқиға салдарынан 1982 жылы туған күзетшінің қолы мен бетін күйік шалған (алдын ала мәлімет бойынша, 10-12 пайыз), оның жағдайы тұрақты.
Газ кету себебі анықталып жатыр, оқиға орнында Талдықорған ТЖД және ТЖБ, сондай-ақ, "ҚазТрансГаз Аймақ" газ қызметінің мамандары жұмыс істейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!