- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талдықорған тұрғындары жарылыс...
Талдықорған тұрғындары жарылыс туралы хабарлады: зардап шеккен адам бар
Талдықорған тұрғындары жарылыс болғанын хабарлады. Жетісу облысы ТЖД өкілі ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысы ТЖД өкілі 22 қазанда сағат 05:50-де ЖШС аумағындағы Желтоқсан көшесінде газ жарылысы болғаны туралы хабарлама келіп түскенін айтты. Жарылыс жеке күзет дүңгіршегінде болған, 50 шаршы метр аумақта қабырғалар мен төбелер құлап, заттар өртеніп кеткен.
Сурет: Жетісу облысы ТЖД
Оқиға салдарынан 1982 жылы туған күзетшінің қолы мен бетін күйік шалған (алдын ала мәлімет бойынша, 10-12 пайыз), оның жағдайы тұрақты.
Газ кету себебі анықталып жатыр, оқиға орнында Талдықорған ТЖД және ТЖБ, сондай-ақ, "ҚазТрансГаз Аймақ" газ қызметінің мамандары жұмыс істейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова