- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талдықорған – Өскемен...
Талдықорған – Өскемен тасжолында көптен күткен төрт жолақты жол ашылды
"Талдықорған – Қалбатау – Өскемен" тасжолының 38 шақырымы ашылды. Жалпы ұзындығы 770 шақырымға жуық күре жолдың қалған бөлігінде де құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талдықорған мен Қызылағаш ауылының арасында бұрын екі жолақты жол болатын. Қазіргісі одан екі есе кең. Құрылысы аяқталып, салтанатты түрде пайдалануға берілген аумақ "Талдықорған – Қалбатау – Өскемен" автомагистралінің алғашқы бөлігі.
"Жетісу облысы бойынша 314 шақырым. 314 шақырымның ішінде 100 пайыз асфальт төселінді. Бірінші, екінші бөлігінде жол белгілері орнатылған. Ары қарай бөліктерін қыркүйек немесе қазан айына дейін аяқтаймыз. Президент тапсырмасы бойынша Талдықорған – Өскемен жолы биыл бітіру керек. Соған міндет атқарып жатырмыз. "Талдықорған – Қалбатау – Өскемен" автомагистралімен күніне 7 мыңнан аса көлік жүреді. 16 бөлікке бөлінген күре жолды шетелдік компания салып жатыр. Олар 2019 жылдан бері жұмыстың басым бөлігін аяқтаған", - деді "Қазавтожол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев.
Жоба жетекшісі Вэй Цинганның айтуынша, Талдықорған-Қалбатау-Өскемен арасындағы жол құрылысына мыңнан астам техника тартылған.
"Үш мыңнан аса жұмысшы жұмылдырылған. Биыл жобаны аяқтасақ екі жылдық кепілдік мерзіміне сай өзіміз күтіп ұстайтын боламыз. Биыл Жетісу облысында Алматы – Талдықорған, Сарыөзек – Көктал автомагистралі жөнделе бастайды. Сонымен қатар шекара шебіндегі "Достық" өткізу пункітінің 4 шақырымын аяқтау жоспарланып отыр", - деді Вэй Цинган.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан