3 қаңтарда Жетісу облыстық полиция қызметкерлері Талдықорған көшесінде жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында көліктің қала әкіміне тиесілі екені анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты жағдайға түсініктеме берді.
Полицей қызметкерлері Талдықорған қаласы әкімі аппаратының "Шаруашылық басқармасы" ММ балансында тұрған KIA Kh Quoris автокөлігін таңғы сағат 05:00 шамасында Жансүгіров көшесінің бойымен келе жатқан кезде тоқтатқан.
"Жүргізуші көлікті өз мақсатына пайдаланғаны анықталды. Автокөлікті тоқтатқан кезде Талдықорған қаласының әкімі көлікте болмаған. Осы факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, азамат А.(жүргізуші) бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар ол бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды", - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!