Талдықорған әкімі Желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

Талдықорған әкімі Әсет Масабаев БАҚ өкілдері мен блогерлерге арналған нысанға атудан жарыс пен пикникті өз қаржысына ұйымдастырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде Талдықорған әкімі қарумен аспанға оқ атқан кадрлар тараған еді. Кейінірек бұл видео жергілікті БАҚ өкілдерімен және блогерлермен демалыста жүрген кезде түсірілгені белгілі болды.

Тұрғындарға журналистермен кездесу қандай қаражатқа ұйымдастырылғаны қызық болған.

instagram.com/taldykorganec.7282

"Барлық қаражат менің жалақымның есебінен кетті. Жалақым осындай мүмкіндік береді. Бұл - өзінің қаруы бар ресми орын. Сол жерде кәуап, кола, нанмен шағын пикник ұйымдастырдық. Барлығы 385 мың кетті. 260 мыңы қаруға оқ-дәріге, 52 мыңы тәрелкеге және 70 мыңы тамаққа", - деді қала әкімі Tengrinews тілшісіне берген сұхбатында.

Басылым мәліметінше, наурызда Талдықорған әкімі ай сайын 866 мың теңге жалақы алатыны белгілі болған.