- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Айгүл Иманбаева
“Талай ренжіттім“. Айгүл Иманбаева анасы жайлы әсерлі жазба қалдырды
Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева анасымен қарым-қатынасы жайлы бұрын айтылмаған оқиғаларды ақтарып, жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Әнші анасының берген тәрбиесі жайлы, бауырлары жайлы толғанысын жеткізді. Айгүл Иманбаеваны нағашы ағасы анасын "тәте" деп атауға үйреткен. Кішкентайынан солай үйренген ол анасын әлі күнге дейін "тәте" деп атайтынын айтты.
"Тәтем (анасы - еск.) өте еңбекқор, шыншыл, мінезі тік, тазалыққа тастай, өзі өмір бойы есепші (финансист) болып үкіметте жұмыс жасаған, көзі ашық, көкірегі ояу, өзіне де, бізге де қойған талабы жоғары, кезінде адуынды әйел болды. Үйде үш баламыз, үшеумізге де екі жоғары оқуды оқытып, алдымызға мақсат қоюды үйреткен де менің Анашым - Тәтем. Талай жетістігіммен қуанттым. Жастықпен талай ренжіттім де. Ал қазір жасы ұлғайған сайын Тәтем - көз алдымда кішкентай балаға айналып барады. Жүрегім ауырады. Қолымнан келгенше көбірек қуантуға, еш ренжітпеуге тырысамын. Барынша батасын алып, мүмкіндігінше көбірек қасында болуға тырысамын", - деп жазды ол.
Айгүл Иманбаева көпшілікті анасын сыйлауға, құрметтеуге, ренжітпеуге шақырды.
"Аналарыңыздың көзі тірісінде ренжітпеңіздер, ауыр сөз айтпаңыздар, ақыл да айтпаңыздар, батасын көбірек алып, көбірек қуантыңыздар. Оларға зәулім сарай да, байлық та керек емес. Тек жылы сөзің, мейірімің ғана керек. Күніне тым болмағанда бір рет телефон шалып, жағдайын сұраңыз. Ертең жағдайын сұрайтын анаң болмай қалса кімге еркелейсің? Дауысына зар боларсың", - деп қосты әнші.
View this post on Instagram
Айгүл Иманбаева - Қазақстанның театр, кино және эстрада өнерінде өзіндік орны бар танымал актриса, әнші, тележүргізуші және продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағының иегері.
Еске салайық, әнші жақында екінші рет тұрмысқа шығып, әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық өмірі қалай өтіп жатқанын айтқан еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Литпин