- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Талапты орындау үшін...
"Талапты орындау үшін билікке бір сағат уақыт берілген". Грузиядағы жанжал неден басталды?
8 наурызда Грузияда шетелдік агенттер туралы заң жобасына қарсы жаппай наразылық өтті. Нәтижесінде 70-тен аса адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Грузия-Онлайнға" сілтеме жасап.
Грузиядағы оппозиция өкілдері шетелдік агенттер туралы заңның қабылдануына қарсы наразылыққа шықты. Оппозициялық "Стратегия Агмашенебели" партиясының жетекшісі Гиорги Вашадзе шеру 8 наурызда Тбилисидегі парламент ғимаратының алдында өтетінін мәлімдеген.
Ол бір күн бұрын Грузия астанасының орталығына шеруге шыққан бейбіт тұрғындарға қарсы арнайы күш пен полиция қызметкерлері шамадан тыс күш қолданды деп айыптады.
"Көп наразылық білдіруші ұсталды, олардың арасында оппозициялық "Гирчи" партиясының жетекшісі Зураб Джапаридзе де бар. Бірнеше сағаттан кейін парламент алдындағы митингке кешегіден де көп адам жиналады", - деді ол.
Кейін Тбилисидегі парламент ғимаратының алдына тағы мыңдаған адам жиналды. Заң шығарушы органға студенттер, "Марш женщин" өкілдері, тұрғындар, сондай-ақ, оппозиция өкілдері келді.
Шерушілер "Ресей заңына жол жоқ" деп ұрандатқан. Онда "Грузия", "Парламентте әйел көп", "Жаппай бақылауға жол жоқ!", "Еуропалық таңдауды бізден тартып алуға болмайды, Еуропа біздің конституциялық таңдауымыз" деген айқайлар естілген.
Митингіге қатысушылар шиеленістің ушығып кетпеуі үшін билікке екі талап қойды.
"Грузин арманы" Ресей заңын парламенттен дереу кері қайтарып алып, кеше заңсыз ұсталған адамдарды босатуы керек", - деді оппозиция жетекшісі Гиоргий Вашадзе.
Ол талапты орындау үшін билікке бір сағат уақыт берілгенін айтты.
"Егер бір сағаттың ішінде жауап алмасақ, нақты шаралар қолданылатынын жариялаймыз. Мен Бидзина Иванишвилиге ескертемін: есін жиып, грузиндердің еркіне келісіңіз!" - деді оппозиционер.
"Стратегия Агмашенебели" партиясының жетекшісі Гиорги Вашадзе. Фото: "Грузия-Онлайн"
Наразылыққа қатысқандар парламентке басып кіріп, оны қоршап алып, шығатын жолдарды жауып тастаған. Полиция қызметкерлері шерушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарын қолданған. Нәтижесінде 70-тен аса адам ұсталған.
Еске салайық, екі күн бұрын заң жобасы бірінші оқылымда қабылданған болатын. Заң аясында шетелден қаржыландырылатын 20 пайыздан аса БАҚ және коммерциялық емес ұйым шетелдік агент болып танылады. Құжат жобасын сынағандар Ресейдің қолданыстағы заңнамасына ұқсайды және Грузияны Батыстан алшақтатады дейді.
Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-арнасында Грузиядағы шеруге қатысқандарды қолдап, пікір білдірді.
"Бізде Грузияның жетістігін қаламайтын украиналық адам жоқ. Демократиялық табыс тілейміз. Біз Еуропалық Одақ болғымыз келеді - және боламыз. Біз Грузияның Еуропалық Одақта болғанын қалаймыз және солай боларына сенемін (.. .) Еуропаның барлық еркін халқы бұған лайық", - деді Зеленский.
Украина президенті, сондай-ақ, Грузиядағы наразылықтар кезінде Украина туын ұстап, Украина әнұранын шырқағандарға алғысын білдірді.
"Бұл - Украинаға деген құрмет, мен Грузияға деген шынайы құрметімді білдіргім келеді", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек