Гүлзира Айдарбекованың екінші ұлы Аян Нұртастың әйелі Әйгерім Саркенова енесі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Келін болып түскеніме алты жыл болды. Мама қатал емес, ол өте мейірімді, талапшыл, бірақ мейірімі шексіз. Маманың жүрегі өте жұмсақ", - деп жауап берді ол қайын інісі Заңғар Нұртастың құдалығында енесі туралы сұраққа.
Ол сонымен бірге енесінің өзіне мүлдем ұрыспайтынын айтты.
"Мүлдем ұрыспайды. Қазір екі баламыз бар", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін екінші рет үйленген Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар Нұртастың құдалығынан видеолар тараған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз