- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Талапшыл". Гүлзира Айдарбекованың...
"Талапшыл". Гүлзира Айдарбекованың екінші келіні енесі туралы бар шындықты айтты
Фото:
instagram.com/sarkenova.aigerim
Гүлзира Айдарбекованың екінші ұлы Аян Нұртастың әйелі Әйгерім Саркенова енесі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Келін болып түскеніме алты жыл болды. Мама қатал емес, ол өте мейірімді, талапшыл, бірақ мейірімі шексіз. Маманың жүрегі өте жұмсақ", - деп жауап берді ол қайын інісі Заңғар Нұртастың құдалығында енесі туралы сұраққа.
Ол сонымен бірге енесінің өзіне мүлдем ұрыспайтынын айтты.
"Мүлдем ұрыспайды. Қазір екі баламыз бар", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін екінші рет үйленген Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар Нұртастың құдалығынан видеолар тараған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан