- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Талапшыл адам" -...
"Талапшыл адам" - Аида Балаева жаңа премьер-министр Олжас Бектенов туралы
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа премьер-министр Олжас Бектеновтің тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біз бірге жұмыс істегенбіз. Өте жауапты, еңбекқор, мемлекетшіл адам. Сондықтан оның қолынан келеді деп ойлаймын. Өзіне және қоластындағыларға талапшыл адам", - дейді Аида Балаева.
Еске салайық, 5 ақпанда Қазақстан Үкіметі отставкаға кеткен болатын. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді.
Үкімет мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
Тоқаевтың баспасөз хатшысы Үкімет жаңадан қашан құрылатынын айтты
Қазақстан үкіметін 2 жылдан аса уақыт басқарған Әлихан Смайылов қазақстандықтарға үндеу жасады.
Бүгінде премьер-министр қызметіне 43 жастағы Олжас Бектенов ұсынылып, тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина