- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Талант бар, таныс...
"Талант бар, таныс жоқ". Желіде дастарқан басында ән шырқаған әйелдің дауысы көпті тәнті етті
Дастарқан басында ән шырқаған әйелдің дауысы Желі қолданушыларын тәнтті етті. Бейнені Бекарыс Қошқарбай өзінің парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Парақша иесінің айтуынша, видеодағы сыңғырлаған дауыс иесі музыкалық білім алмаған.
"Талант бар, таныс жоқ" айдары. Не деген дауыс. Видеодағы Шынар Болатқызы ешқандай да музыкалық білім алмаған. Мынандай дауысы бар жан сахнадан түспеуі керек қой", - деп жазған парақша иесі видео астына.
View this post on Instagram
Бұған Желі қолданушылары тамсанып, жылы лебіздерін білдірген.
"Алла жолыңды ашып, халық қолдап, үлкен сахнадан көруді нәсіп етсін! Керемет дауыс ооааауууу", "Қандай керемет! Тағы да бір Бибігүл Төлегенова апамыздың көшірмесі", "Недеген керемет! Сахнаға шығару керек", "Қанша тыңдасам да, тыңдай бергім келді мына кісінің орындауын", "Дауысы барлардың сахнаға шығуға мүмкіндігі жоқ, көбісі ауылда жүр, ақшасы барлар фонограммамен жұлдыз ғой қазір", "Шынар дауысың керемет", "Алла керемет дауыс берген екен", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Босағаға шеге қағу деген қандай ырым?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә