Америкалық Кэмерон Фар қазақ тілін қалай меңгергенін айтты. Оның айтуынша, оған онлайн курстан көп көмектескен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. Кэмерон Фар өзіне қазақша "Айбала" есімін алған.
"Мен - Айбала, америкалық қызбын. Қазақша сөйлей аламын. Маған "қазақ тілін қалай үйрендіңіз?" деген сұрақ көп қойлады. Мен қазақшаны онлайн үйрендім. YouTube және сөздік те онлайн. Үйімде қазақ тілінде 1-2 кітап бар, қалғаны онлайн", - дейді ол видеода.
Сондай-ақ, ол тілді еркін меңгеруге көмектесетін кеңестерді бөлісті.
"Мен қазақша қалай үйрендім? Бұл - қазақша немесе басқа тілдерде сөйлейтінімді айтқан кезде қойылатын ең танымал сұрақ. Сондықтан бүгін тіл үйренудегі негізгі ресурстарымды, YouTube-ті бөлісемін, Youtube-тен сөздік туралы бейнелерді қарай отырып, дәптеріме жазып алып, үйренген сөздерімді күнде дауыстап қайталаймын. Сондай-ақ, мен күнделікті ана тілінде сөйлейтіндермен жаттығу жасаймын, бұл, менің ойымша, шет тілін еркін меңгеру үшін маңызды. Егер сізде сұрақтар болса, сұраңыз!", - дейді ол.
Желі қолданушылары оқушының бұл әрекетіне тамсанып, пікір қалдырған.
"Талабыңа нұр жаусын, айналайын, қызым", "Жарайсың, Айбала! Қазақшаң күнннен күнге жақсы болып келе жатыр", "Жарайсың, ақылыңнан", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!