Тал түсте тап беріп, зейнеткердің мойнынан алтынын жұлып кеткен: Қарағандыда күдікті ұсталды

Тал түсте тап беріп, зейнеткердің мойнынан алтынын жұлып кеткен: Қарағандыда күдікті ұсталды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Қарағандыда полиция зейнеткерді тонап кеткен күдіктіні құрықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тонауға қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы күдікті ұстаоды. Оқиға тал түсте болған.

"Қала көшелерінің бірінде келе жатқан 76 жастағы зейнеткерге белгісіз біреу тап беріп, мойынынан алтын алқасын жұлып әкеткен. Қылмыстық оқиға көшедегі камераларға түсіп қалған", - деп жазылған хабарламада.

Ұсталған адам жасаған қылмысын мойындады.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова