Әлеуметтік желіде даулы видео пайда болды. Онда әйел көшеде жігіттің қызды ұрып жатқанын айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео әлеуметтік желіде пайда болды. Жігіттің қызды ұрған сәті видеоға түспеген. Видео авторлардың айтуынша, жігіт камераны көргенде ұруды тоқтатқан.
"Мен мұны сіздің ұрғаныңызға дәлел болсын деп видеоға түсіріп тұрмын. Міне, қызды ұрғаныңызға мына әйел куә. Қызды жайына қалдырыңыз. Қазір полиция келеді. Әркім өз ісіне жауап беруі керек", - дейді видео түсіріп тұрған әйел.
Желі қолданушылары жігіттің бұл қылығын сынап, пікір қалдырған.
"Қыздар, мұндай жігіттерден қашыңдар", "Бей-жай өтіп кетпеген адамдарға көп рақмет", "Әскерге жіберу керек", "Қызды қатты қорқытып тастаған сияқты", - деп жазған олар.
Massaget.kz тілшісі бұл оқиғаға қатысты Астана Полиция департаменті өкілдеріне сауал жіберді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз