- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тақырбас қылып алып...
"Тақырбас қылып алып тастады". Гүлмира Ізбасқан шашын неге қысқартқанын айтты
Танымал әнші Гүлмира Ізбасқан шашын неге қысқартып тастағанын айтты. Әнші бұл туралы "Қыздар-ай" бағдарламасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, академияны аяқтап, дипломды алғаннан кейін сахнаға шыға алмаған. Оқығанына өкінген. Бір күні құрбыларымен киноға барған. Келесі күні денесіне, басына жара шыққан.
"Оқытуға бардым. "Көз жара" деді. Дәрі жағу керек болды. Жағып жүрдім. Шашым жабысып кедергі келтіріп жүрді. Анама айттым. Анам кесіп тастады. Одан тақырбас қылып алып тастады. Бір жарым ай үйден шыққан жоқпын. Күйзеліске түстім. Салмағым 45 келі болып қалды. Күйзелістен өлеңмен шықтым. Орамал тағып жүрдім. Балаларға вокалдан сабақ беретінмін. Кешке өзім қалып өлең айта беретінмін", - дейді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова