"Тактикасы басқа". Шавкат Рахмонов Головкин туралы ойын айтты

"Тактикасы басқа". Шавкат Рахмонов Головкин туралы ойын айтты
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында отандасы Геннадий Головкин туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Жекпе-жек бағытында Қазақстан атынан өнер көрсеткен ең мықты спортшы осы уақытқа дейін Головкин болды. Онымен ортақ бір таныстарыңыз бар ма?" деген сұраққа ортақ таныстары бар екенін, бірақ жеке сөйлесіп көрмегенін айтқа. Ал жекпе-жектерін үнемі тамашалайды екен.

"Гена - өте мықты боксшы, бірақ стиль мен тактика жағынан ол басқаша жұдырықтасады. Бірдеңе үйренеміз, әрине, дегенмен көбіне спортшының жекпе-жектерін ол ұнайтындықтан тамашалайсың, қалай ұратыны немесе қалай күресетіні ұнағанда. Ал бірдеңе үйрену үшін тамашалау қиын", - деді Рахманов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан