Шымкентте такси жүргізушісімен жанжалдасқан әйел – Гүлжанар бұл оқиғадан кейін оның таққан орамалына және жалпы дінді ұстанатын адамдарға жағылған күйе туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Орамалға, дінге, намазға тиісетіндер болады. Мен осы жағдайда жай ғана себепкердің бірі болып қалдым. Мен соған да қатты жүрегім ауырды. "Орамалдағыларға жаман ат келтірдім" деген сияқты. Енді келтіргенін, келтірдім ғой. Бір себепкер болдым. Маған намазхан қыздар да, имамдар да жазды. Былай ғой, мына орамалды мен өзім үшін, Алла разылығы үшін кидім. Біріншіден, мен енді намазда жүргеннен кейін, дінді кішкене зерттеп, білім алып жүргеннен кейін "Ақыретке дейін осы орамалым болсын" деген ниетте кидім", - деді ол Syr Podcast-қа берген сұхбатында.
Ол сонымен бірге басқа орамалдағы қыздар өздері үшін киюі керек екенін және өзгенің орамалына жауап бермейтінін айтты.
"Дінге тиісетіндер, орамалға тиісетіндер бола береді. Менен кейін де пайда болады, себепкерлер де болады. Мен жай ғана себепкер болып қалдым. "Орамалдағы адамның ашуы жоқ, жыны шықпайды, ойбай, пәк, идеал деген сөз емес. Дін мына киіммен шектелмейді, дін біліммен, көркем мінезбен шектеледі (өлшенеді - шамамен). Енді көркем мінез дегенде, осы жерде "Сен ақыры көркем мінезді, басқаны біліп тұр екенсің, "Неменеге ондай сөздер айттың?" деп хейт кетуі мүмкін. Тағы да айта кетемін, мен басында үш рет ескерттім. Шариғат, дін бойынша мұсылман бауырың болғаннан кейін үш рет ескертесің. 15 минут бойы қырылдым деп айттым ғой. 15 минут емес, қанша рет ескерттім. Дұрыс па? Ескерту болмады емес, Алланың алдында болды. (...) Ол кісі мен орамалда болғаннан кейін көбірек тиісті, ашуы көбірек шықсын деді. Сол себепті шықты. Ескертпедім емес, ескерттім. Ескерткеннен кейін барып, менде ашу шықты. Мен адаммын, эмоциям бар", - деді Гүлжанар.
Ол ескертуден кейін такси жүргізушісі өзін боқтаған кезде "Сабыр, сабыр" деп отыра алмағанын айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!