Астана қаласыны тұрғыны Алексей Лодочников күн райына шағымданған видеосын Желіге жүктеген. Өзін "үнемі бұрқылдап жүретін вайнер" ретінде таныстырған блогер Астанадағы қар мен боранды күнгі көңіл-күйімен бөлісті.
"Табиғатта жаман күн райы болмайды” деп кім қыртып жүрген? Мальдив аралдары туралы айтқан шығар. Тек біз туралы емес. Бүкіл қысқы киімдерімді жинап тастасам… Оның үстіне такси де...Қойдың бағасымен бірдей" деп блогер оқырмандарына арызданады.
@lodochnikov_ Ужас???
♬ оригинальный звук - Алексей Қайықбаев
Оқырмандары да блогердің шағымына "Бұны бес қонақ дейді", "Осы балаға ризамын, қазақшаға судай", "Киімдерді жинап тастау жаман ырым" деп пікір білдіріп жатыр.