- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Такси жүргізушісі ұйықтап...
Такси жүргізушісі ұйықтап кетіп, полиция көлігіне соқтығысқан
Павлодар облысында такси жүргізушісі жолда ұйықтап кетіп, полиция көлігіне соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 мамырда Омбы-Майқапшағай тасжолының 559-шақырымында Аққулы ауданы Шарбақты ауылы маңында такси жүргізушісі Skoda Superb көлігімен қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, Skoda Rapid маркалы полиция көлігіне соқтығысты.
"Жол апаты салдарынан Skoda Superb автокөлігінің жолаушылары - Өскемен қаласының 26 жастағы тұрғыны, Абай облысының 21 жастағы тұрғыны және 2013 жылы туған кәмелетке толмаған астаналық медициналық көмекке жүгінді", - делінген хабарламада.
Полиция көлігі сағатына 60 шақырым жылдамдықпен қозғалғаны анықталды. Шағын қызыл шам мен фаралар қосылған. Жүргізушінің айтуынша, көлікті басқарған кезде рульде ұйықтап кеткен.
Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін Skoda Superb жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Сондай-ақ, Павлодар облысының Полиция департаменті қызметтік автокөлік бойынша материалдық залалды өтеу үшін сотқа жүгінуге ниетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова