Такси жүргізушісі қазақ тілін білетін өзге ұлттарды тегін тасып жүр (видео)

Такси жүргізушісі қазақ тілін білетін өзге ұлттарды тегін тасып жүр (видео)
Фото: видеодан стоп кадр

Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Бұл адамдардың реакциясын туғызды.

Ерекше хабарландыруды таксилердің бірінде жолаушы көріп қалған."Қазақша сөйлейтін өзге ұлттарды тегін жеткіземін!" - деп жазып қойған такси жүргізушісі.

Видео желі қолданушылардың қатты реакциясын тудырды. Біреулер авторды қолдап, қазақ тілінің дамуына қосқан үлесін жоғары бағаласа, енді бірі, керісінше, наразылықтарын білдірді.

"Жақсы әрекет. Мотивация", "Мен таксиде және кез келген қоғамдық орындарда үнемі қазақша сөйлеуге тырысамын, қазақ тілі де менің ана тілім", "Оданда қоқысты жәшікке апаруды үйренсе жақсы болар еді, бұл өз жеріне деген махаббат , туған жері үшін", - деп жазады желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Казахстана 24/7 ??? (@zhest_kz)

Т. Раушанұлы