Такси жүргізушісі жолаушының фотоаппаратын бермей қойған

Такси жүргізушісі жолаушының фотоаппаратын бермей қойған
Фото: Фото:depositphotos.com

Астанада такси жүргізушісі жолаушының фотоаппаратын бермей қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

21 жастағы астаналық әдеттегідей қала таксиінің қызметін қолданған. Жолаушы қымбат фотоаппаратын жоғалтқан. Тергеушілер жас қыздың фотоаппаратты такси салонында ұмытқанын анықтады. Фотоаппаратын қалдырып кеткенін сәлден соң байқаған қыз, такси жүргізушісіне қоңырау шалған.

Алайда жас жігіт жауаптан қашып, жәбірленушіге тиесілі затты қайтарғысы келмеген. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл аудандық қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері 24 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Ол өзгенің Саnon фотоаппаратын иемденген. Келтірілген шығын мөлшері 700 мың теңге.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға мұқият болу қажеттігін ескертеді. Егер сізге қатысты заңсыз әркеттер жасалса дереу полицияға 102 арнасына хабарласыңыз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина