Мобильді аударымдар қашан және қалай тексеріледі? Кімдер салық төлейді, кімдерге төлемеуге болады? Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Былтыр 15 сәуірде Қаржы министрлігінің "мобильді аударымдарды бақылаудың мерзімі мен тәртібін бекіту туралы" бұйрығы күшіне енді. Мобильді аударымдар тескерілетінін білген кейбіреулер әлі дүрлігіп, мән-жайды толық түсінбей жүр.
"Заң салықты төлегісі келмей, одан жалтарып жүрген, яғни табысын жасырған азаматтарға арнап енгізіліп отыр. Елімізде кез келген азаматтың бір жылдық табысы он екі еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен асып кетсе, кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті. Алайда олай еткісі келмейтіндердің қарасы әлі де көп. Жалпы жоғары да айтқан өзгерістер бойынша қазақстандықтарды тексеру тек 2025 жылдың қорытындысымен 2026 жылы толық іске асады. Биыл бақылау былтырғы қорытындымен мемлекеттік қызметкерлер, олардың жұбайлары, мемлекеттік қызметке теңестірілген адамдар мен жұбайларына жүргізіліп жатыр. Қазір бүкіліне сары уайымдайға салынудың керегі жоқ", - дейді Айнұр Сартаева.
Оның айтуынша, егер мобильді аударымдар кәсіпкерлік мақсатта емес, жеке мақсатта жүргізілсе, мысалы туыстарына, әріптестеріне, досына және той-томалаққа жіберсе, азамат соны дәлелдеп бере алады. Ал кәсіпкерлік бағытта қаржы алса, ол заңдастырылуға тиіс.
Сартаева такси жүргізуішілерінің бөлек санат ретінде қарастырылмағанын айтады.
"Такси қызметкерлері жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса, олар туралы ақпарат 2024 жылдың қортындысымен 2025 жылы бойынша Мемлекеттік кірістер комитетіне жолданады. Бұл нақты мобильді аударымдар бойынша. Егер таксиде жұмыс істеп жүріп, кәсіпкер ретінде тіркелмеген болса және алдындағы тексерілген санаттарға жатпайтын болса, ол бойынша ақпарат 2025 жылдың қортындысымен 2026 жылы кірістер комитетіне беріледі. Бұл ретте дәл қазір такси қызметкерлері үшін қолайлы уақыт екенін атап өткім келеді", - дейді Сартаева.
Ол арнайы такси жүргізушілеріне арналған пилоттық жоба барын мәлімдеді.
"Мәселен, қазір көп таралған Яндекс такси платформасымен бірге бірлескен жоба іске асып жатыр. Онда тіркелген азаматтар пилоттық жобаға қатысатынын растаса, ол азаматтардың салық органы алдындағы міндеттемелерінің бәрін платформа өз қолына алады. Атап айтсақ, табысынан салықты ұстау, әлеуметтік төлемдерді аудару, салық есептілігін тапсыру және кәсіпкер ретінде тіркеуді интернет платформа өзі орындайды", - дейді Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары.
Мемлекеттік кірістер комитетіне банктерден банк шоттарына кәсіпкерлік қызметке байланысты ақша түсетін азаматтар туралы мәліметтер түсе бастаған.
Айта кетейік, кәсіпкер екенін айқындау өлшемшарты - жеке тұлғаның банк шотына үш ай қатарынан ай сайын әр түрлі тұлғалардан 100-ден аса аударым түсуі.
Ақпарат банктерден кезең-кезеңімен беріледі:
"Бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейді және жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған. Бұл ретте жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударымдар жасай және қабылдай алады (туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек, сондай-ақ, басқа да жағдайлар бойынша)", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!