- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Такси жүргізушілері мен...
Такси жүргізушілері мен мұғалімдер жұмыссыз қалуы мүмкін - сарапшы
Танымал футуролог Герд Леонгард болашақта такси жүргізушілері мен мұғалімдер жұмыссыз қалуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Такси жүргізушілері - өте креатив жігіттер, бірақ олар көп ұзамай жұмыссыз қалуы мүмкін. Оның орнын роботтар басады. Құрметті ұстаздар, сіздер білім жүйесінде жұмыс істеп жүрсіздер. Алайда қандайда бір деңгей де сіздер де роботсыздар. Мысалы, сіздер мектепте роботтар сияқты жұмыс істей берсеңіздер, (болашақта - еск.) жұмыс болмайтынын мойындауыңыз керек. Егер сізге ақпаратты қалай есте сақтауды үйретсе, робот сіздің алдыңызды орап кетеді. Сондықтан басқаға үйрету керек", - деді футуролог елордада өтіп жатқан Nobel Fest фестивалінде.
Оның айтуынша, бүгіннен бастап роботтарға қандай жұмыстарды сеніп тапсыруға болатынын анықтау керек.
"Эмоция, креатив, эмпатия, жанашырлықтың бәрін жасанды интеллект түсінеді. Бірақ ол бұларды формальды түрде түсінгенімен сезбейді. Мен күнделікті жұмысты роботтар істегенін қалаймын. Алайда компьютерлердің жанашыр болғанын, адамдар сияқты сезінгенін, тіпті, адам болғанын қаламаймын. Сондықтан роботқа нені сеніп тапсыруға болатынын біліп алуымыз керек", - деді Герд Леонгард.
Аяз Есен
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстан халқының саны 20 миллионға қашан жетеді?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз