• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Такси жолаушысынан 10 келі марихуана табылған

Такси жолаушысынан 10 келі марихуана табылған
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында есірткі жеткізу арналары жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бірінші оқиға

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласында Toyota көлігі тоқтатылды. Оның ішіндегі такси жолаушысын тінту кезінде ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік зат салынған сөмке табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес бұл зат салмағы 10 келі шамасында кептірілген марихуана болып шықты.

Ұсталған Қызылорда қаласының 35 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты соталды тергеу басталды.

Екінші оқиға

Ақтөбе қаласында жедел іздестіру іс-шаралары барысында Орал қаласының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол синтетикалық есірткілердің облысаралық жеткізілуін ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Полиция қызметкерлері оны есірткі жасырып жатқан кезде ұстады. Оны жеке тінту кезінде әрқайсында 25 шағын түйіншегі бар екі ірі орама табылды. Оқиға орнын тексеру кезінде полиция қызметкерлері үш үлкен орама тауып, оның ішінен 60 түйіншек шықты, олардың барлығы ерекше иісі бар ұнтақ затпен толтырылған.

Күдіктінің Ақтөбе қаласында жалға алынған пәтерін тексеру кезінде ішінде есірткі заты бар 22 zip-пакет және есірткі орау үшін қолданылатын zip-пакеттер, фольга және изолента табылды. Жалпы есірткісі бар 132 түйіншек тәркіленген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты соталды тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget