63 жастағы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев зейнетке шығуға асықпайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол өмірде және жұмыста жинаған тәжірибесіне сенеді.
"Мен зейнетақы да, жалақы да аламын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев (министр ретінде) өкілетімді ұзартты. Бұл маған жауапкершілік жүктейді. Сондықтан мен жұмыс істеуді жалғастырамын. Отаныма пайда әкелуге тырысамын. Себебі менде жеткілікті тәжірибе жинақталған. Уақыт өте әрқайсыңыз өмірде және жұмыста жинаған тәжірибе құнсыз екенін түсінесіздер", - деді Ерлан Нысанбаев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Министр жастарға орын беруге дайын екенін атап өтіп, жұмысына адал екенін айтты.
"Менің ойымша, ересек ұрпақтың та жұмыс істеуге құқы бар. Себебі менің күш-қуатым, білімім мен тәжірибем бар. Қазақта "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" деген жақсы сөз бар. Мен жастардың жолына бөгет болған емеспін. Бірақ өзімнің міндетімді сапалы орындауға бар күш-жігерімді саламын", - деді ведомство басшысы.
Сөз соңында Ерлан Нысанбаев зейнетақысы шамамен 160 мың теңге болатынын жеткізді.
Айта кетейік, Ерлан Нұрәліұлы Нысанбаев – 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!