13 сәуірде Тәжікстанда болған жер сілкінісі Қазақстан мен Өзбекстан аумағына да әсер етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан ҰЯО ГЗИ Ұлттық деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, Тәжікстанда магнитудасы 5,5 балдық жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 09:24-те тіркелген. Ал Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, зілзаланың магнитудасы 5,9 балл болған.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 13 сәуірде Астана уақытымен 09 сағат 23 минутта жер сілкінісін тіркеген.
"Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада.
Есептік қарқындылығы (балл):
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Жерасты дүмпулері Өзбекстан аумағында да сезілген. Мұндағы жер сілкінісінің күші 2-3 балл шамасында болған.
Зілзала Ташкент және Өзбекстанның бірнеше облыстарында – Ферғана, Наманган, Сырдария, Әндіжан, Жызақ, Самарқанд және Сурхандария аймақтарында сезілген. Жер сілкінісінің эпицентрі Тәжікстан аумағында орналасқан.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!