- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тәжікстанда Қазақстаннан ескі...
Тәжікстанда Қазақстаннан ескі көліктер әкелуге тыйым салынбақ
Тәжікстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерден, оның ішінде Қазақстаннан да ескі көліктерді әкелуге тыйым салады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Казстандарттың" баспасөз қызметі мәліметінше, шектеу 2013 жылға дейін шыққан көлік құралдарына қолданылады.
"Тәжікстан ауаның ластайтын, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін ескі көліктердің әкелінуіне, сондай-ақ, ескі көліктер қалдықтары (аккумуляторлар, шиналар, кондиционерлер) санының артуына жол бермеуге бағытталған Жарлық дайындады", - деп хабарлады "Қазстандарт" өкілдері.
Еске салайық, 2005 жылдан бастап "ҚазСтандарт" базасында саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі Ақпараттық орталық жұмыс істейді. Орталықтың функцияларына ДСҰ хатшылығына, ДСҰ-ға мүше мемлекеттерге және барлық мүдделі тарапқа ақпарат беру кіреді.
Жарлық Тәжікстанда 2024 жылы 1 қаңтарда күшіне енеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә