ҚР ТЖМ "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 ақпанда сағат 06.37-де (Алматы уақыты бойынша) Тәжікстан аумағында магнитудасы 7 балл болатын жер сілкінісін тіркеді. Әзірге опырылған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 шақырым жерде 20 шақырым тереңде орналасқан.
Оңтүстік астанада жер сілкінісі 2-3 балл көлемінде сезілді.
"Жағдай тұрақты. "112" және "101" желілеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ", - деді Алматы ТЖД өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!