Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға мемлекеттік сапары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Борт №1 Telegram-каналында жарияланған фотоларға қарағанда Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон Қазақстан президентін Душанбе әуежайынан өзі шығарып салды.
Еске салайық, Қазақстан президенті Душанбеге 22 тамызда барған еді. Оны әуежайда Тәжікстан президенті де қарсы алды.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!