Тәжікстан президенті Астанаға келді

Тәжікстан президенті Астанаға келді

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ұшып келді. Бұл ақпаратты Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Эмомали Рахмон 28 қарашаға жоспарланған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады деп күтіледі. Іс-шара барысында мүше мемлекеттердің делегациялары аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылайды. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданады.

Еске салайық, 28 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.

Анықтама: Қазір ҰҚШҰ құрамында Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Ресей және Тәжікстан кіреді. 2026 жылға дейін ұйымның бас хатшысы қызметін Иманғали Тасмағамбетов атқарады.

Биыл ҰҚШҰ-ға төрағалық ету міндеті Қазақстанға өтті. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек