- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тәжікстан азаматы транзитпен...
Тәжікстан азаматы транзитпен Астана арқылы өтіп бара жатқанда ұрлық жасаған
Транзитпен Астана арқылы өтіп бара жатқан Тәжікстан азаматы автобуста ұрлық жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Астана полиция департаментінің жедел-іздестіру басқармасының қызметкерлері қалта ұрлығына қатысы бар 39 жастағы шетелдікті анықтаған.
Ер адам Ресейден Тәжікстанға транзиттік жолмен бара жатқан. Ол Астанада болған кезінде қоғамдық көліктен IPhone 14 Pro Max телефонын ұрлап, 680 мың теңге көлемінде шығын келтірген.
Таңертең қалалық 26-маршрутты автобусында болған кезде күдікті қоғамдық көлікте адамның көп екенін пайдаланып, қасында қысылып тұрған кісілердің қалтасын тінтіп шыққан. Бақылап тұрып, қолында телефоны бар қызды байқап, қарт адамға жол беру үшін орнынан тұрған сыңай танытып, қыз телефонды салған сәтте бірден жымқырып үлгерген. Қалта ұрысының барлық әрекеті автобуста орнатылған камераға жазылып қалған.
Ұрлық жасағаннан кейін шетелдік сол күні Астанадан Алматыға аттанып, ұрланған телефонды сатып кеткен.
Күдіктіні Астана қаласының полицейлері мен олардың Тәжікстандағы әріптестерінің бірлескен іс-қимылдарының арқасында ұстауға мүмкіндік болған. Аталған фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, ұрлыққа қатысы бар шетелдік мойындау айғақтарын берді. Осыған ұқсас бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы да тексеріліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан