Астана әкімдігі Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, халық қолөнері және ұлттық тағамдары көрме-жәрмеңкесінде түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Астана Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев Тәжікстанның Мәдениет күндері аясында елордада өткен көрме-жәрмеңкедегі дүрбелең туралы айтты.
Шенеуніктің айтуынша, көрші елдің сатушылары тауарлар күн астында тез бұзылуы мүмкін болғандықтан, бір бөлігін тегін таратуды өздері ұсынған. Тіпті, жәрмеңке-көрме қонақтарына тарату үшін тәжік фермерлері пирамидаға көтерілген көрінеді.
"Пирамидаға өрмелеп шығып, қонақтарға тегін беріп жатқан адамдар - Тәжікстаннан келген қонақтарымыздың өздері. Олар пирамиданы құрған фермерлердің өздері болатын. Олар басқа тұрғындар пирамидаға шықпауы үшін өздері таратты. Бұл қауіпсіздік үшін жасалды", - деді Мақсат Жаңабаев.
Еске салайық, демалыс күндері Қазақстанның бірнеше қаласында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және басқа да өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі өтіп, тауарлардың бітуіне байланысты мерзімінен бұрын аяқталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз