Таиландтық лоукостер Алматыға ұша бастайды

2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Таиланд корольдігінің Thai Air Asia X лоукостері Қазақстан нарығына шығады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тасымалдаушы Бангкок - Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рет, яғни дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері тікелей әуе рейстерін орындайды.

"Қазақстан мен Таиланд арасында тікелей әуе қатынасы ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді", - деп жазылған Көлік министрлігі хабарламасында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!