• 501.83
  • 490.7
  • 5.31

Таиландтан сәлемдеме алған қазақстандық 16 жыл жаза арқалады

Таиландтан сәлемдеме алған қазақстандық 16 жыл жаза арқалады
Фото: depositphotos.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысында аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы бойынша соталды тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

Алматы облысы Іле ауданының "Қазпошта" АҚ бөлімшесіне жалпы салмағы 800 грамға жуық каннабис сығындысы (гашиш майы) есірткі заты бар сәлемдеме келген.

"Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің Telegram мессенджерін пайдаланып, Таиландтан есірткіге тапсырыс бергені белгілі болды. Пошта жөнелтілімін ашу кезінде косметикалық заттар түрінде жасырылған 8 банканың ішінде есірткі анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімі қандай?

Сот үкімімен кінәлі адамға 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, тәркіленген есірткі жойылды.

Айта кетейік, 2024 жылдың басынан бастап ҚМА контрабанда және есірткінің заңсыз айналымы деректеріне қатысты 135 қылмыстық іс тіркеді.

77,1 келі есірткі, 3,2 келі психотроп заттар, 206 мың анаболиктер (улы зат) және 1 700 Тропикамид көз тамшылары тәркіленді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова