Алматыда Таиландтан есірткі контрабандасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу мен сот мәліметінше, сотталушы халықаралық пошта арқылы гашиш майын елге заңсыз әкелу схемасын ұйымдастырған. Есірткі сәлемдемелердің ішіне жасырылып, ештеңеден күдіктенбеген туыстары мен таныстарының атына рәсімделіп отырған.
Құқық қорғау органдары контрабанданың бірнеше дерегінің жолын кесіп, 5,7 келіден аса каннабис сығындысын тәркіледі. Бұдан бөлек, сотталушыдан есірткі мен заңсыз сақталған оқ-дәрі табылды.
Сот оны 16 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова