Таиландтан есірткі тасыған Қазақстан азаматы 16 жылға сотталды

Алматыда Таиландтан ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған 22 жастағы Қазақстан азаматы 16 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны аса ірі мөлшердегі есірткі контрабандасы және есірткінің заңсыз айналымы үшін кінәлі деп тапты.  

Бас көлік прокуратурасы мәліметінше, қыз ақшалай сыйақы үшін Бангкоктен Қазақстанға жалпы салмағы 8,8 келі каннабис сығындысы салынған екі чемоданды жеткізуге келіскені анықталған.

"Ол Алматы әуежайына ұшып келген бойда бұл әрекеттің жолы кесілді. Үкім заңды күшіне енді", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!