Таиландтан Дариға Бадықованың "сыңары" табылды

Таиландтан Дариға Бадықованың "сыңары" табылды
Фото: видеодан кадр

Желі жұрты Таиландта жеміс-жидек сатып тұрған әйелді танымал қазақстандық актриса Дариға Бадықоваға ұқсатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған видеода таиландтық әйелге қазақстандық азамат Бадықованың видеосын көрсетеді. Әйел суретті көрген соң "рас екен" деп күлген. 

Видеоны түсірген 29 жастағы Алматы тұрғыны Данияр Мұхтар болып шықты. Видео қазір 500 мыңға дейін қаралым жинады. Ол "Таиландтан Дариға Бадықованың егізін тауып алдым" деп жазды.

Желі қолданушылары да "Дариға Бадықова киноға түсіп жүр екен деп ойладым", "Күлгені қатты ұқсайды екен" деп жазып жатыр. 

@daniyar_mukhtar_

♬ Сезім үшін ost "таптым-ау сені" - Дариға Бадықова & Олжас Абай

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева