- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Таиландтағыдай +18". Салтанат...
"Таиландтағыдай +18". Салтанат Бақаева кейінгі демалысында не ұнағанын айтты
Танымал әнші Салтанат Бақаева отбасымен Вьетнамда демалып қайтты. Өнер иесі Желідегі парақшасында бұл елде демалудың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, Вьетнам халқы кішкене лас, бірақ отбасылық құндылықты бірінші орынға қояды.
"Баршаңызға сәлем!
Демалысыңыз ұнады ма жоқ па?..деген сұрақ қойылмаса да мен Вьетнам жайлы ойымды және кеңестеріммен бөліскім келіп отыр!
Жалпы халық ластау сияқты дегенімен отбасылық құндылықтары өте жоғары, Таиландтағыдай +18 ойын-сауығы жоқ.
Керісінше, барлық ойын-сауық балаларға арналғын! Біз барған Фукуок қаласында балаларға арналған парк, сафари және өте үлкен аквариум бар.
Балаларға өте қатты ұнады!
Біз таңдаған қонақ үйде барлық ойын-сауық орталықтарға өте жақын орналасқан және әр 30 минут сайын біздің қонақүйден парк пен сафариға тегін автобус жүреді.
Аумағы өте кең, табиғаты ерекше, жағажайы тап-таза тұнық. Тамақ жағына келетін болсақ, ұлттық тағамдары басымдау сонысы маған қиындау болды. Дегенмен паста, пицца дейтін біз үйренген тағамдар да болды!
Маған ерекше қатты ұнағаны СПА орталығы.
Ерекше интерьер, тазалық 100 пайыз, массаж жоғары деңгейде! Мастерлері аяқтан бастап, басыңа дейін жуып, массажын жасап сықитып жібереді.
Вьетнам нағыз отбасылық демалыс!
Біз балалармен ары-бері шаршағанымызбен балалар 5 деген баға қойды.Рақмет Вьетнам", - деп жазды ол.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін "Бағымызды тағы сынап көреміз". Салтанат Бақаева жаңалығымен көпшілікті таңғалдырғаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Биыл пітір садақа қанша теңге?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә