Таиланд астанасы Бангкок маңындағы Нонтхабури провинциясында орналасқан Debsirin Nonthaburi мектебінде атыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Thai PBS басылымына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша қаруды 14 жастағы оқушы қолданған. Қайғылы оқиға салдарынан үш мұғалім мен үш оқушы көз жұмған. Кейін күдікті де мерт болғаны айтылды. Сонымен қатар, шамамен 15 адам жарақат алған.
Оқиға орнында полиция мен жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Бұдан бөлек, күдікті жасөспірімнің үйінен оның атасы мен әжесінің сүйегі табылғаны хабарланды. Тергеушілер олардың өлімі мектептегі атысқа дейін болғанын болжап отыр.
Таиланд премьер-министрі Анутин Чарнвиракул қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, бұл оқиға елді қатты күйзелткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қару айналымына бақылау күшейтілмек.
🇹🇭 Tiroteo escolar en Nonthaburi, Tailandia. Un tiroteo en la escuela Debsirin Nonthaburi en Bang Kruai el distrito de Nonthaburi (en las afueras de Bangkok) ha dejado al menos dos muertos informado, profesores y varios heridos, según medios locales como Khaosod y Thai PBS. pic.twitter.com/XWB2h9JpXp
— Georg Grár (@GeorgGrar) August 7, 2026
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова