- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таиландта тағы бір...
Таиландта тағы бір қазақстандық теңізге батып көз жұмды
Таиландта теңізге батып, көп су жұтып қойған қазақстандық қайтыс болған еді. Екі күн өткен соң, сенбі, 3 маусымда тағы бір қазақстандық туристің суға батып кеткені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шетелдік БАҚ мәліметінше, кейбір туристер жергілікті биліктердің ескертуіне және тыйым салуына қарамастан теңізде шомылған.
45 жастағы Александр Макаров теңізге түсуге кеткен, алайда кейін теңізден шықпаған. Ер адамның денесі көрінгенде, ол суға тұншығып қалғаны белгілі болды. Құтқарушылар мен туристер оны Таланг ауруханасына жеткізді, бірақ ер адамды құтқара алмады.
Бұл ақпаратты СІМ өкілдері растады.
Еске салайық, бұған дейін теңізге батып, көп су жұтып қойған 24 жастағы Артур Искаков жергілікті ауруханада көз жұмғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек