Таиландта қазақстандық туристер мінген катер жарылды

Пхукет провинциясындағы Майтон аралы маңында туристер мінген катер жарылды. Оның ішінде Қазақстаннан барған туристер болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәліметке сүйенсек, қозғалтқышта ақау пайда болған, салдарынан катер жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00 шамасында өртеніп, жарылған.

Өрт шыққан кезде бортта үш адам болған: капитан және екі экипаж мүшесі. БАҚ мәліметінше, катер қазақстандық және ресейлік туристерді тасымалдаған. Кеменің бортында барлығы 31 адам болған.

"Капитан мен экипаж мүшелерінің бірі күйіп қалды. Үш турист пен гид жараланды", - деп жазылған ақпаратта.

Оқиға орнына теңіз қызметтері жіберілген. Таиландтың теңіз күзеті орталығы көмекке кеме жіберген.

Thana Marine 555 катері толық зардап шеккен.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!