Бангкоктағы Na Ladprao барында өрт шығып, шамамен 27 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РБК басылымына сілтеме жасап.
Өрт туралы хабарлама төтенше жағдайлар қызметіне түн ортасында түскен. Өртсөндірушілер тілсіз жауды жарты сағат ішінде ауыздықтады, өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.
Таиланд премьер-министрі Анутхин Чанвиракунның айтуынша, 27 адам мерт болып, тағы бірнеше адам ауруханаға жеткізілген. Ол көптеген сүйек дәретханадан табылғанын нақтылады.
Видеоны 18 жасқа толмағандар мен психикасы тұрақсыз жандарға көруге кеңес берілмейді.
Сонымен қатар, Reuters агенттігі өрт салдарынан 63 адам зардап шеккенін хабарлады.
Анутхин Чанвиракунның сөзінше, барда өнер көрсеткен музыкант сахна жанындағы ажыратқыштан түтін шыққанын көргенін айтқан. Осыдан кейін қатты дыбыс шығып, ғимарат ішін түтін басқан және мекемеде электр жарығы сөніп қалған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!