15 қыркүйектен бастап Қазақстан азаматтары Таиландта визасыз 60 күн емес, 30 күн бола алады. Жалпы мерзім 180 күн ішінде 90 күнмен шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңа ережелер туралы Қазақстанның Таиланд корольдігіндегі елшілігі мәлімдеді.
"Таиланд бірқатар мемлекеттің, соның ішінде Қазақстан азаматтарына визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартады. Таиланд министрлер кабинетінің тиісті шешімі 15 қыркүйекте күшіне енеді", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа ереже күшіне енгеннен кейін Қазақстан азаматтары Таиландта келген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз жүре алады. Ал жалпы мерзім 180 күн ішінде 90 күнмен шектеледі. Яғни жарты жыл ішінде Таиландқа жасалған бірнеше сапардың мерзімі жинақталады. Белгіленген жалпы шектен асуға болмайды.
Сапар 30 күннен асса, визасыз режим жеткіліксіз болады. Мұндай жағдайда тиісті визаны алдын ала рәсімдеу қажет.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!