Танымал қазақстандық жұп Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болман "күміс тойға" жеткенін атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қызымның "Тағы да свадьба боласыңдар ма не?" дегені қалай кетті? Тамыз айының 20-сы үйленген күніміз ғой. Бұйырса биыл 25 жыл, "Күміс тойға" да жетіп қалыппыз, шүкір", - деп жазды Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар архивтегі фотоларын бөліскен әнші сол кездегі сәнді де еске алды.
"Соған архивтерді қарайын деп, ашқаным сол еді, Визажист қызым қасыма келіп біраз қарап тұрды да, түрімді көріп: Неге әдемілеп боянбағансыз? Кірпік, тырнақ жабыстырып, хайлайтер, румян жағып… Причёскаңыз ол, детский гүлдер - деп апарып тастады. Қазіргінің баласы қайдан білсін ол кезде қазіргідей макияж, кірпік жапсыру деген жоқ, бәрі табиғи болғанын", - деп жазды ол.
Күміс тойды атап өтуге жоспары бар екенін айтқан әнші балаларымен бірге тағы бір той жасағысы келетінін жасырмады.
"Неке тойымызда сендер болмадыңдар , енді сендер көрсін деп тағы бір рет үйленейік" десем, түрі мынау. Әкесі екеуміз шағын ортада ағайын, дос-жаранның арасында күміс тойды атап өтсек пе деп қоямыз. Той болсын ба, ағайеееен?!", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!