Тағы да жантүршігерлік төбелес: Атырауа болған оқиға видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желіде Атыраудағы көңіл көтеретін орындардың бірінде болған төбелестің видеосы тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Желіде тараған видеода алғашында екі адам арасында төбелес басталып, кейін оларға тағы бір адам қосылғаны көрінеді. Екеуі бір адамды ұрып-соғып, ол жерге құлайды. 

Кейінірек төбелес ғимарат сыртында да жалғасқаны байқалады.

Полиция пікірі

Атырау облысы Полиция департаменті оқиға 18 қаңтарда болғанын мәлімдеді.

"Полиция қызметкерлері 32 және 33 жастағы екі күдіктіні ұстады. Қазір бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілі.

Полиция мәліметінше, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Еске салайық, 20 қаңтарда Шымкентте төбелес болды. Екі жүргізуші арасындағы жанжалға үшінші көлікпен келген өзге адамдар да қосылған. Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі көз жұмды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!