- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тағы не жағдай...
"Тағы не жағдай болды?" Ақтаулық жүргізушілер газ мәселесіне шағымданады
Ақтаулық жүргізушілер газ мәселесіне шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғындардың бірі Ерлан көлігіне газ таба алмай қиналған, 21-шағынауданда бірде бір бекетте газ болмаған.
"Тағы не жағдай болды? Бізде газ тапшылығы бар ма, әлде әдейі жасалып жатыр ма?" - деп шағымын айтады жүргізуші.
Бүгін 23-шағынауданда "Шашлычная №1" кафесі жанындағы жанармай құю бекетінде газ жоқ. "Асар-С" базарына қарама-қарсы "Айкел" бекеті бос. 25-шағынаудандағы бекет те газдың болмауына байланысты жабылған. "Qyzyl qala" монша кешеніне қарама-қарсы 25-шағынаудандағы бекетте де "газ жок" деген жазуы ілініп тұр.
24-шағынаудандағы "Гүлдана" жанармай құю бекеті әзірге газ жоқ деп хабарлады. Ерлан газды тек 8-шағынауданға қарама-қарсы орналасқан "MDM" жанармай құю станциясынан ғана тапқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан