Әнші Мәдина Сәдуақасова Желідегі парақшасында ерекше сыйлық алғанын жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің cөзінше, досы әрі өнердегі әріптесі Тамара Асар ақ ниетпен жаңа жылға білезік сыйлаған.
"Жаңа жылға шынайы тілекпен келген әдемі сыйлық. Тамара Асар жүректен! "2022-де мен қызды болсам, 2023-те эстафетаны өзіңе бердім" деп. "Мадикош, қызды болсаң 2-ші фигурканы өзім қосып беремін" деді. Жаным сол, жүрегіңнен айналдым! Бұл кішкентай сыйлықтың артында үлкен ниет, көңіл тұрғанын біліп тұрмын ғой. 2023 жылы біздің отбасымызда тағы бір үлкен қуаныш болсыншы! Әумин!" - деп жазды өнер иесі Желіде.
Желі қолданушылары да әншіге ақ тілектерін жазған.
"Тамараның ниеті қабыл болып, осы жылы бастарына бас қосылсын!", "Бұйырсын, қызды болыңыз", "Әмин, Құдай қаласа қызды болыңыздар!", "ИншаАллах қызды болыңыз", - деп жазған пікір білдіргендер.
Айта кетейік, әнші күйеуі Олжас Смағұловпен Әнуар есімді ұлын тәрбиелеп отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!