Ақмола облысы Қосшы қаласындағы Рахымжан Қошқарбаев атындағы №1 мектептің түлегі Айым Ержанова ҰБТ-дан 140 балл жинады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талапкер тестілеуде "Дүние тарихы - ағылшын тілі" пәндерін тапсырған. Ол ҰБТ тапсыруға дайындалған білім беру орталығы Айым Ержановаға бес миллион теңге, жаңа iPhone және Дубайға саяхат сыйлады.
Сондай-ақ, талапкер Астанадағы Еуразия ұлттық университетіне түсіп, оқуын жалғастыруға шешім қабылдады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Мәшіреп жасау деген не?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз