Тағы бір трагедия: Түркістан облысында бір үйдің үш адамы уланып, көз жұмды

Тағы бір трагедия: Түркістан облысында бір үйдің үш адамы уланып, көз жұмды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында жеке тұрғын үйде бір отбасының үш адамы иіс тиіп, қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Марқұмдардың бірі - әйел адам, екеуі - оның баласы. Зардап шеккен тағы бір бала бүгін ауруханадан шығарылған.

"Алдын ала мәлімет бойынша қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану ережелері бұзылған. Нақтырақ айтқанда, түтін мұржасы тазаланбаған", - деді Түркістан облысы ТЖД өкілі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, бұл оқиғаға қатысты тексеріс басталған. 

Еске салайық, 2025 жылы 18 қарашада Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты, оның тоғызы - бала.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget